15 ақпанда Павлодар облысында күн суытып, боран болады

15 ақпанда Павлодар облысында күн суытып, боран болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыстың оңтүстігінде қар жауады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде қарлы боран болады. 

Солтүстік-батыс желінің екпіні секундына 9-14, түнде облыстың солтүстік жартысында 15-20 метрді құрайды.  

Ауа температурасы түнде -23...-28℃, күндіз -23..-28℃, облыстың оңтүстігінде -20℃ аяз күтіледі.

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сынап бағанасы түнде -25..-27, күндіз -23..-25 көрсетеді.