Павлодарда саяси партиялардың арасында бильярдтан турнир өткізіледі
Жарысқа саяси партиялардың барлық мүшелері тегін және жарнасыз қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Ақ жол» демократиялық партиясы облыстық филиалының мәліметінше, 24 ақпан күні сағат 10:00-де облыстың саяси партияларының мүшелері арасында бильярд бойынша ашық турнир ұйымдастырылады.
– Іс-шараның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, Павлодар облысының саяси партиялары арасындағы достық пен тығыз өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ партиялықтар арасында әлеуметтік белсенділікті арттыру болып табылады, – дейді ұйымдастырушылар.
Турнирдің өтетін орны: Н.Назарбаев даңғылы, 217/1.