10 қыркүйекте Павлодар облысында жаңбыр жауады

Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, ауа температурасы +18...+23 °C-қа дейін жылынады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Павлодарда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сынап бағанасы күндіз +20...+22 °C-ты көрсетеді.