15 сәуірде Павлодар облысында қар аралас жаңбыр күтіледі
Күндіз ауа температура ...+10°C дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы -1...+4°C болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), ал батысында, солтүстігінде және шығысында тұман мен көктайғақ күтіледі. Күндіз ауа температура +5...+10°C, облыстың оңтүстігінде +13°C-қа дейін көтеріледі.
Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында екпіні 15–20 метрге жетеді.
Павлодар қаласында түнде +1...+3°C. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз +8...+10°C. Ауыспалы бұлтты, жаңбыр жауады.