Орталық жағажайға павлодарлық өндірушінің плиткалары төселеді

Орталық жағажайға павлодарлық өндірушінің плиткалары төселеді
Фото: Константин Шелков

Кәсіпорын бетоннан жасалған бұйымдарды шығарады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Казстройторг ПВ» ЖК 2015 жылы ашылған. Құрылыс материалдарын өндіру және көтерме сатумен айналысады. Ассортимент тротуар плиталары, қоршау панельдері, төсемтас, бетон қоршаулар мен құрылыс блоктарынан тұрады. Бүгінгі таңда кәсіпорын бетон мен темірбетоннан 100-ден астам өнім шығарады. 

– Біздің өнімдер Павлодар облысының құрылыстарында қолданылады, – деді жеке кәсіпкер Виталий Зинченко. – Осы уақыт ішінде көптеген жобалар жүзеге асырылды. Жаңа жағалау салу сияқты қалалық жобаны үлкен көлемде материалдармен қамтамасыз еттік. Сондай-ақ, қалалық саябаққа, облыстың ірі сауда үйлеріне материалдар жеткізілді. Оған қоса, оңтүстік өңірге үлкен көлемде, шамамен 15 фура тас төсеу жіберілді.

Кәсіпорында 30 адам жұмыспен қамтылған. Өнімдер негізінен жылы мезгілде сұранысқа ие. Қыста 20 адам жұмыс істейді. 

Өнімділік өткен жылдың қорытындысы бойынша,  шамамен,  20 мың шаршы метр тротуар плиталары шығарылған.

Кәсіпкер «Даму» қорының көмегімен алғашқы арнайы құрал-жабдықтарды сатып алды. Сондай-ақ, қазір жұмыс жасап жатқан коммерциялық ғимаратты сатып алса, биыл кәсіпті кеңейту үшін мемлекеттен көмек көрсетілуде.  

– Биыл орталық жағалаудағы жөндеу жұмыстарына өнімнің үлкен көлемін жеткізуді жоспарлап отырмыз, – деді Виталий Зинченко. –  Сондай-ақ, біздің өніммен яғни бордюрлармен қала бойынша көптеген тротуарлар жөнделіп, абаттандырылу жұмыстары жоспарлануда. 

Сонымен қатар, кәсіпкер биылғы жылы бірнеше көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысына темір-бетон бұйымдарын жеткізу жоспарда бар екенін атап өтті. Бұдан бөлек, шикізат бойынша жеткізушілер қазақстандық өндірушілер екенін айтты.