15 қыркүйекте Павлодар облысында жаңбыр жауады

15 қыркүйекте Павлодар облысында жаңбыр жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Павлодар облысында желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге, күндіз екпіні 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы +8...+13°C болады. Өңірдің батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Күндіз ауа температурасы +15...+20°C-қа дейін көтеріледі. Батыс, солтүстік және шығыс аудандарда жаңбыр жауып, найзағай болады.

Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +10...+12°C болады. Бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз +18...+20°C. Бұлтты, жауын-шашынсыз.