16 қазанда Павлодар облысында тұман түседі

16 қазанда Павлодар облысында тұман түседі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады.

Солтүстік-батыс желінің екпіні секундына 3-8 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде -3..-8 градус, күндіз +1..+6 градус болады. 

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сынап бағанасы түнде -3...-5, күндіз +4..+6 градус көрсетеді.