16 маусымда Павлодар облысында аптап ыстық пен жаңбыр күтіледі

16 маусымда Павлодар облысында аптап ыстық пен жаңбыр күтіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында екпіні 15-20 метрге жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +17...+22°C болады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Күндіз өңірде +30...+35°C аралығында қатты ыстық күтіледі. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл соғуы мүмкін.

Павлодар қаласында түнде +17...+19°C болады. Жауын-шашынсыз. Тұман күтіледі.

Күндіз ауа температурасы +30...+32°C-қа дейін көтеріледі. Найзағай ойнап, бұршақ аралас жаңбыр жаууы мүмкін.