Павлодар облысында заңсыз елік атқан аңшылар сотталды
Олар мемлекетке 2,7 миллион теңгеден астам залал келтірген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы қылмыстық мамандандырылған ауданаралық соты ҚК-нің 337-бабының 4-бөлігінің 1-тармағы бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақта алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адамдар атыс қаруын қолдана отырып, заңсыз аңшылық жасады деп айыпталған екі адамға қатысты қылмыстық істі қарады.
2024 жылдың ақпан айында екеуі алдын ала келісім бойынша жабайы жануарларды заңсыз аулауға шыққан. Олар Ақтоғай ауданындағы Ертіс өзенінің жайылмасын – жабайы аңдарды аулауға тыйым салынған ерекше қорғалатын табиғи аумақты таңдаған.
Өздерімен бірге тіркелмеген тегіс ұңғылы аңшы қаруын алып шыққан. Сотталушылардың бірі өзіне жүктелген қылмыстық рөлге сай әрекет етіп, еліктерді екіншісіне қарай айдай бастаған, ал ол екі рет атып, жануарды өлтірген.
– Олар үш жасар еліктің өлексесін алып кетіп қалмақ болған сәтте полиция қызметкерлері ұстаған. Сотталушылар қылмыстық әрекеттері арқылы мемлекетке 2,7 миллион теңгеден астам ірі көлемде залал келтірген, – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінде.
Прокурор сотталушылардың әрқайсысын үш жылға бас бостандығынан, жеті жылға аң аулау құқығынан айыруды сұрады. Жәбірленушінің өкілі мемлекеттік айыптаушыны толық қолдады. Сотталушылар өз кінәларын толық мойындап, өкінді.
Сот шешімімен қылмыс ауыр қылмыс санатына жатқызылып, екеуі үш жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Сотталушылардың кінәсі олардың мойындауларымен, сондай-ақ куәлермен, сараптамалық қорытындылармен және басқа да дәлелдемелермен расталды.
Кінәсін мойындау, оң мінездеме, К-ның жас балалардың болуы және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығы жеңілдететін мән-жайлар ретінде анықталды. Бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген ол төрт жылға, С. үш жылға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ сотталғандар жеті жылға аң аулау құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.