16 наурызда Павлодар облысында күн бұлтты болады

16 наурызда Павлодар облысында күн бұлтты болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық суреті

Кей жерлерде дымқыл қар немесе қар аралас жаңбыр болуы мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, түнде ауа температурасы -10...-15°, облыстың оңтүстігі мен батысында -5° шамасында болады. Күндіз -3...+2° күтіледі.

Жел оңтүстік-шығыстан, секундына 5–10 метр жылдамдықпен соғады.

Павлодар қаласында күндіз ауа температурасы +1...+4°C дейін көтерілсе, түнде -3...-1°C дейін төмендейді.