Павлодарлықтарға сәтті мансаптық жол құруды үйретеді

Павлодарлықтарға сәтті мансаптық жол құруды үйретеді
Фото: Константин Шелков

Кәсіптік бағдар беру маманы өзінің тәжірибесімен бөлісіп, сұрақтарға жауап береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

26 қаңтарда 15:00-де Ломов көшесі, 38 мекенжайындағы жастар бастамаларын дамыту орталығында «Кәсіптік бағдар: Бүгінгі күннің мүмкіндіктері» атты шеберлік сынып өтеді. Оны кәсіби коуч Айгерім Оразбекова тізгіндейтін болады. Ол кәсіби өсу мен даму үшін қандай мүмкіндіктер бар екенін айтып береді.

–  Жолды неден бастау керек? Еңбек нарығында қандай мамандықтар сұранысқа ие? Өз әлеуетіңізді қалай ашуға және өз бағытыңызды таңдауға болады? Барлық жауаптар сізді іс-шарада күтеді,– деді орталықта.

Толық ақпарат алу үшін 8 (707) 665-58-03 нөмірге хабарласуға болады.