16 тамызда Павлодар облысында жаңбыр жауып, тұман түседі
Облыстың оңтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 7-12 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +7...+12, күндіз +17...22 градус ыстық болады.
Павлодар қаласында ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сынап бағанасы түнде +9...+11, күндіз +18...20 градус ыстық болады.