17 қыркүйекте Павлодар облысында жауын-шашын күтілмейді

17 қыркүйекте Павлодар облысында жауын-шашын күтілмейді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, облыс бойынша температура түнде 0...+ 5°C,  аймақтың солтүстігінде, шығысында 3°C, күндіз + 11...+16°C күтіледі. Жауын-шашынсыз болады.

Павлодарда сынап бағанасы түнде +0...+ 2°C, күндіз + 13...+ 15°C көрсетеді. Айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.