17 шілдеде Павлодар облысында аптап ыстық сақталады

17 шілдеде Павлодар облысында аптап ыстық сақталады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кей аудандарда жаңбыр мен бұршақ күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, күндіз ауа температурасы өңірдің басым бөлігінде +32…+37 градусқа дейін көтеріледі. Ал облыстың солтүстігінде ауа температурасы +29 градус шамасында болады. Күндіз өңірдің солтүстік және батыс бөліктерінде жаңбыр, найзағай және бұршақ болжанып отыр. 

Павлодар қаласында түнде +19…+21 градус жылы болады. Көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыс орталығында ауа температурасы +32…+34 градусқа дейін көтеріліп, көшпелі бұлтты болғанымен, жауын-шашын күтілмейді.