Павлодарда жолдар мен құрылыстарды күтіп ұстау қағидаларын бұзғандар жазаланды

Павлодарда жолдар мен құрылыстарды күтіп ұстау қағидаларын бұзғандар жазаланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жыл басынан бері полицейлер автожолдарды тексеруде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірімізде жолдарды қанағаттанарлықсыз күтіп ұстағаны және жолдарда жұмыс жүргізу қағидаларын бұзғаны үшін 51 лауазымды және заңды тұлға жауапқа тартылды. Оларға 2,5 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

–   Екібастұз және Ақсу қалаларының мердігерлік ұйымдары жолдарда жұмыстар жүргізу, жолдар мен құрылыстарды күтіп ұстау қағидаларын бұзғаны үшін, сондай-ақ оларға ведомстволық бағынысты учаскені күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осыған ұқсас бұзушылықтар аудандық және облыстық маңызы бар автожолдарда да тоқтатылды, – дейді департаментте.

Сонымен қатар, «Павлодар жылу желілері» ЖШС, Солнечный кентінде «Баракат-ЭК» ЖШС учаскесінің бастығына айыппұл салды.

–   Павлодар ауданында жол қозғалысының қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін жабын бетінің төмендеуіне әсер ететін жүріс бөлігінде мұз пайда болғаны үшін экономика секторы бөлімінің басшысына айыппұл салынды, – делінген департаментте.

Жүргізілген тексерулердің басты мақсаты – өңірдегі жол қауіпсіздігін арттыру және қозғалысты ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұйымдастырушылық-практикалық шараларды іске асыру жолымен ЖКО алдын алу, олардың салдарының ауырлығын төмендету.

Айта кетейік, жыл басынан бері полицейлер жалпы пайдаланымдағы жеті мың шақырымға жуық автожолдарды тексерді. Анықталған бұзушылықтар бойынша кемшіліктерді жою бойынша 306 нұсқама берілді.