Павлодарда Республика күніне орай қазақы тазылар көрмесі өтеді
Орталық жағалауда ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін «Тазы – ұлт мақтанышы» шарасы ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық ішкі саясат бөлімінің мәліметінше, шаһар басшысы Хасар Хабылбековтың қолдауымен 25 қазанда қазақтың ұлттық тазы тұқымды иттер көрмесі өтеді. Ауқымды шара Республика күніне арналған.
Көрме сағат 12:00-де Орталық жағалауда басталады. Шараға қатысу немесе қосымша ақпарат алу үшін +7 701 663 34 44 WhatsApp нөміріне парақшасына хабарласуға болады.
Еске сала кетсек, 2024 жылы Халықаралық кинологиялық федерация (FCI) қазақ тазысын ресми түрде алдын ала танып, оған №372 халықаралық стандартын бекіткен болатын. Осылайша, Қазақстан бұл тұқымның шыққан отаны ретінде халықаралық деңгейде бекітілді. Ал биыл елімізде алғаш рет 3 қыркүйек – Қазақы тазы мен төбет күні болып атап өтілді.