Павлодар облысында инвестиция көлемі артты

Павлодар облысында инвестиция көлемі артты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңірде өнеркәсіп өндірісі мен өңдеу секторында да оң динамика байқалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, 2026 жылғы қаңтар-шілде аралығында негізгі капиталға салынған инвестициялар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,9%-ға өсіп, 646,6 миллиард теңгені құрады. Оның 158,6 миллиард теңгесі өңдеу секторына тиесілі.

Өңірдің өнеркәсіп кәсіпорындары жеті айда 2,5 триллион теңгеден астам өнім өндірді. Өнеркәсіп өндірісінің өсімі 7,1%-ды құрады, ал жалпы көлемнің шамамен 57,1%-ы өңдеу саласына тиесілі.

Өңдеу секторындағы өндіріс былтырғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 10,7%-ға өсті. Ең жоғары өсім құрылыс индустриясында тіркеліп, 46,6%-ды құрады.

Мұнай өңдеу саласындағы өсім – 34,5%, дайын металл бұйымдарын өндіруде – 31,3%, химия өнеркәсібінде – 30,2%, машина жасауда – 14,1%.

Сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп өндірісі 9%-ға, тамақ өнімдерін өндіру 3,7%-ға, металлургия 2,9%-ға артты.