21 сәуірде Павлодар облысында жаңбыр жауып, күн күркірейді

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы +5...+10°C, күндіз +10...+15°C көрсетеді. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Павлодарда түнде +7...+9°C, күндіз +13...+15°C болады. Күн бұлттанып, жаңбыр жауады, күн күркірейді.