22 қаңтарда Павлодар облысында қар жауады
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, сынап бағанасы күндіз -15…-20 °C, облыстың солтүстігі мен шығысында -23 °C-ты көрсетеді. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында қар жауып, бұрқасын, солтүстігінде тұман күтілуде.
Павлодарда ауа температурасы -16…-18 °C-қа дейін төмендейді. Күн бұлтты, жауын-шашынсыз болады.