Павлодар облысының оқушылары көшеттер отырғызды
Педагогтер, оқушылар мен ата-аналар экологиялық челленджге қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 мамыр күні өңірдің білім беру ұйымдарында педагогтер, оқушылар және ата-аналар «Таза Қазақстан» экологиялық науқанын қолдау мақсатында «Түлектердің ағаш егу» Республикалық челленджіне қатысты.
– Қалалық М. Жүсіп орта мектебінің және Абай атындағы дарынды балаларға арналған гимназияның түлектері өз мектептерінің аумағына қайың, қарағай, жеміс ағаштарының көшеттерін отырғызды. Бұл акцияны түлектердің ата-аналары да қолдады, – дейді баспасөз орталығында.
Көшеттерді отырғызу өңіріміздің барлық білім беру ұйымдарда жүзеге асырылады.