Жас ақтоғайлықтар өздерін журналист ретінде көрсете алады

Жас ақтоғайлықтар өздерін журналист ретінде көрсете алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Байқауға 14-35 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Жас қанат» жастар ресурстық орталығының мәліметінше, аудан жастары арасында «Жас журналист» байқауы жарияланды.

Байқауға қатысу үшін 2 минуттан аспайтын ерекше, тың тақырыпта бейнерепортаж дайындау керек. Репортажда сіз өзіңізді таныстыруыңыз немесе аты-жөніңізді жазуыңыз міндетті. Видеоны түсіру форматы – 9:16, – дейді ұйымдастырушылар.

Бейнероликтерді «Telegram» желісі арқылы файл түрінде +7(707)708-45-96 нөміріне жіберу керек. Қабылдау мерзімі 10 тамыз сағат 20:00-де тоқтатылады.

Байқау жеңімпаздары 12 тамыз күні аудан әкімімен кездесу кешінде марапатталады.

Толығырақ ақпарат алу үшін +7(707)708-45-96 WhatsApp нөміріне хабарласуға болады.