22 қыркүйекте Павлодар облысында күн жылы болады
Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнінде ауа температурасы +8…+13°C дейін жылы болады. Күндіз сынап бағаны +20…+25°C дейін көтеріледі.
Өңірдің солтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр жауып, тұман түсуі мүмкін.
Ал Павлодар қаласында күн аздап бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде ауа температурасы +8…+10°C, күндіз +22…+24°C шамасында күтіледі.