24 тамызда Павлодар облысында жаңбыр жауады

24 тамызда Павлодар облысында жаңбыр жауады
Фото: Константин Шелков

Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Қазгидрометтің мәліметінше, күндіз батыста, солтүстікте, оңтүстікте екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 

Түнде облыстың солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз жаңбыр жауады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. 

Түнде ауа температурасы +10...15, күндіз +23...28, облыстың солтүстігінде +18 градус ыстық болады. 

Павлодарда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Сынап бағанасы түнде +13..15, күндіз +23...25 градус көрсетеді.