Павлодарда ірі кәсіпорын саябақтың жерін иемденбек болған
Кінәлі лауазымды тұлғалар жұмыстан қуылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық прокуратура Павлодар қаласы паркі аумағының бір бөлігін екі көппәтерлі тұрғын үй құрылысы үшін заңсыз беру фактісін анықтады.
– Ауданы 1,2 гектар «Металлургтер» паркінің жер учаскелері жер және сәулет заңнамасын бұза отырып, жоғарыда аталған нысаналы мақсатта пайдалану үшін «Eurasian Resources Group» компанияларының бірі – «Қазақстан алюминийі» АҚ-ға тікелей бөлінген,– деді облыстық прокуратурада.
Қадағалау актісі бойынша заңсыз рұқсат беру құжаттарының күші жойылды. Жер учаскелері мемлекетке қайтарылды, саябақ аумағы қалпына келтірілді, кінәлі лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды.