26 ақпанда Павлодар облысында аяз сақталады
Желдің жылдамдығы секундына 3–8 метрге жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы -33...-38°C, облыстың оңтүстігінде -30°C дейін төмендейді. Жауын-шашынсыз. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз -23...-28°C, облыстың оңтүстігінде -20°C. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман сақталады.
Павлодар қаласында түнде -33...-35°C, күндіз -23...-25°C.