Екібастұзда бес шағын ауданда жылу беру уақытша тоқтатылды
Мұнда салынып жатқан жаңа ЖМ 7/1 жылу магистралінде кесу жұмыстары жүргізілетін болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС мәлімдеді.
- Жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты 17 қазан күні сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін № 20, 21а, 25 шағын аудандарында, сондай-ақ 9 және 19 шағын аудандарында ішінара ЖМ 7/1 жылу магистралі бойынша жылу тасымалдағышты беру тоқтатылады. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, - делінген хабарламада.
Жаңа магистралды іске қосу № 7 жылу магистралінен жүктемені ішінара алып тастауға және қаланың жоғарыда аталған шағын аудандарының тұтынушыларын жылумен жабдықтау сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.