Павлодарда дезинсекциялық кезеңге дайындық деңгейі талқыланды
Облыс әкімі Асайын Байханов басқарма басшыларымен, ғылыми топпен, мердігерлік ұйымдармен дезинсекциялық жұмыстар бойынша жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Әйгерім Қабылтаева өткен жылы масаға қарсы күрес бойынша қабылданған шаралар Ақтоғай, Тереңкөл аудандарында және Ақсу қаласында тиісті нәтиже бермегенін атап өтті. Осы аудандардағы жайылмалық ландшафты ерекшеліктеріне байланысты су басқан жайылмада маса жаппай таралады.
Осындай жағдайдың қайталануын болдырмау үшін биыл облыстың әрбір ауданы бойынша негізгі іс-шаралар айқындалған Жол картасы әзірленді. Ең проблемалқ аудандарда облыс орталығындағыдай әдістерді қолдану туралы шешім қабылданды. 33,5 мың га жайылманы өзара қамту үшін әуеайлақтардың орналасу учаскелері бар авиааумақтар картасы айқындалды. Авиация биологиялық өнімді шашады, бөлек аумақтар химиялық препаратпен өңделеді. Сонымен қатар, аудандарда тосқауыл дезинсекциясымен де айналысады.
Аққулы ауданының Бесқарағай ауылының оңтүстік шеткі нүктесінен Тереңкөл ауданының Жаңабет ауылына дейінгі аумақта масалар мен шіркейлердің дернәсілдеріне қарсы өзен өңдеу жұмыстары өтеді. Өзеннің бүкіл ұзындығы бойынша 100 км-ден аспайтын аралықпен 8 ағызу нүктесі қарастырылған. Сондай-ақ, өзен өңдеу Ертіс өзенінің (Белая, Подстепка, Таллинка, Тюлька, Каратунь және т.б.) арналарында қосымша жүргізілетін болады.
Масамен күрестегі маңызды сәттердің бірі - Ертістің табиғатты қорғау су жіберулерін өткізу мерзімі. Биыл Шығыс Қазақстан облысында да, Павлодар облысында да көктемнің ерте келуі күтілуде, сондықтан, мамандар су ағызуды сәуір айында мұз ағыны басталғаннан кейін бастау ұтымды деп санайды. Осыған байланысты, ведомствоаралық комиссияға Павлодар облысы үшін рұқсат берудің оңтайлы параметрлерін қарау туралы бірқатар ұсыныстар жолданды.
- Сәуірдің екінші онкүндігінде Павлодарда су жіберу мерзіміне қарамастан, қар еріп, саяжай учаскелері мен жертөле үй-жайларында жер асты сулары көтерілген кезде пайда болатын уақытша су айдындарын өңдеуді бастау қажет, - деді Асайын Байханов.
Өңір басшысы бекітілген алгоритмге сәйкес дезинсекциялық іс-шараларға жоспарлы дайындықты қамтамасыз етуді және барлық өңірлерде масаға күрес жөніндегі барлық дайындық іс-шараларын бір апта мерзім ішінде аяқтауды тапсырды.
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев