Павлодар облысында ең жоғары жалақы – Екібастұзда

Павлодар облысында ең жоғары жалақы – Екібастұзда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ең төмен жалақы Ертіс ауданының қызметкерлеріне тиесілі, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық статистика департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі облыстың кәсіпорындарындағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 315663 теңгені немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңіне 120,7%-ды құрады. 

– Аумақтық бөліктегі ең жоғары жалақы Екібастұз қаласына – 376971 теңге. Ең төмен жалақы Ертіс ауданының қызметкерлеріне есептелді – 221849 теңге, – деді департаментте.  

Сала құрылымында ең жоғарғы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 514837 теңге (орташа облыстық деңгейден 1,6 есеге асты), қаржы және сақтандыру қызметінде 392333 теңге (1,2 есеге) белгіленді. Ең төмен жалақы «Өнер, ойын-сауық және демалыс» саласының қызметкерлерінде – 160515 теңге, бұл облыс бойынша орта көрсеткіштен 49,1%-ға төмен.