26 наурызда Павлодар облысында жауын-шашын күтілмейді
Көшпелі бұлт шығады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші секундына 9-14 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде 0-2 суық, күндіз 13-15 градус жылы болады.
26 наурызда және 27 наурызда түнде метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың сейілуіне ықпал етеді.
Жалпы қала бойынша ауаның ластану деңгейі төмен болады деп күтілуде.