Павлодарда Еуразия Лигасының футболдан халықаралық балалар турнирінің жеңімпазы анықталды

Павлодарда Еуразия Лигасының футболдан халықаралық балалар турнирінің жеңімпазы анықталды

Sport City жабық манежі базасында алғаш рет Еуразия Лигасының футболдан халықаралық балалар турнирі өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, жарысқа Қазақстан мен Ресейден 16 команда қатысты. Еуроазиялық лига турнирінің қатысушылары: «Ертіс» (Павлодар), «Ертіс» ФК (Омбы), «Новосибирск» ФК (Новосібір), «Тобыл» ФК (Қостанай), «Оқжетпес» ФО (Көкшетау), «Қызылжар» ФО (Петропавл), «Қызылжар» ФО (Ақтөбе) ФО, «Елімай» (Семей), «Ақсу 2013» ФО (Павлодар), «Бия» ФК (Бийск), «Алтай» ФО (Өскемен қ.), «Айбын» ФШ (Астана), «Джейран» ФШ (Алматы), «Шахтер» ФО (Қарағанды), «SaryArqa» ФШ (Павлодар).

Елордалық «AIBYN» футбол мектебі турнирдің жеңімпаздары атанды.  Омбы қаласынан «Ертіс» командасының тәрбиеленушілері күміс медальдарға, «Новосібір» командасының балалары қола жүлдеге ие болды.