28 мамырда Павлодар облысында күн күркіреп, жауын жауады

28 мамырда Павлодар облысында күн күркіреп, жауын жауады
Фото: pixabay.com

Облыстың оңтүстігінде найзағай ойнайды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, облыстың оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады, күндіз облыстың оңтүстігінде жаңбыр күтіледі. 

Солтүстік-батыс желінің жылдамдығы секундына 9-14, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 метрді құрайды. 

Ауа температурасы түнде 3-8°С, күндіз 8-13°С болады.

Павлодар қаласында күн бұлттанып, түнде жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде 5-7°С, күндіз 11-13°С көрсетеді.