28 қазанда Павлодарда жәрмеңке өтеді

28 қазанда Павлодарда жәрмеңке өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жәрмеңкеге Аққулы, Тереңкөл, Успен аудандары және Павлодар қаласы ауылдық аймақтарының тауар өндірушілері қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес 2023 жылғы 28 қазанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Торговая көшесі, 2А құрылысы (Космонавтар және Торговая көшелерінің қиылысы) мекенжайында ұйымдастырылады.

Сенбі күндері осындай жәрмеңкелер Екібастұз қаласының («Народный») және Ақсу қаласының («Ауыл базары»), сондай-ақ облыстың 10 ауданында ұйымдастырылады.