Павлодарлық оқытушылар үздік атанды
IV республикалық конкурс Ақтау қаласында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Онда еліміздің 18 өңірінен 69 педагог қатысты. Аталған байқауда Павлодар сервис және тамақтану колледжінің шеберлері үшінші орын және медальон жеңіп алды.
Бұл конкурстың мақсаты тәжірибе алмасу және WorldSkills стандарты бойынша дағдыларды көрсету болып табылады.
Конкурстың бес күндік қорытындысы бойынша «Аспаз ісі» құзыреттілігінде өндірістік оқыту шебері Ақмарал Арынова «Үздік маман» медальонын, арнайы пәндер оқытушысы Гюзаль Сәрсембаева «Мейрамхана ісі» құзыреттілігінде үшінші жүлделі орынды жеңіп алды.