«Ertis» колледжінде ветеринария бойынша қолданбалы бакалавриат ашылды

«Ertis» колледжінде ветеринария бойынша қолданбалы бакалавриат ашылды
Фото: Колледжден

Алғашқы қабылдау  биылғы жылға  жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

«Ertis» жоғары инновациялық аграрлық колледжі ресми түрде ветеринария мамандығын  қолданбалы бакалавриат бағдарламасы бойынша оқытуды қолға алды. Осылайша, өңірде орта білімнен кейінгі білім беру мүмкіндіктері кеңейіп, агросектор үшін кадрлар даярлау жүйесінің өзі жаңа деңгейге көтерілуде.

Павлодар облысы үшін бұл оқиғаның стратегиялық маңызы бар. Бұл - белсенді дамып келе жатқан мал шаруашылығы саласына заманауи технологиялармен жұмыс істеуге және ветеринариялық қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын қамтамасыз етуге қабілетті білікті мамандар қажет.

Қолданбалы бакалавриат – колледж бен университеттің артықшылықтарын біріктіретін оқытудың ерекше форматы. Мұндағы басты назар практикаға бағытталған дайындыққа аударылып, ал түлектер бакалавр дәрежесін алады. Бұл тәсіл жас мамандарды кәсіби ортаға тезірек біріктіруге мүмкіндік береді және оқыту мен саланың нақты талаптары арасындағы алшақтықты азайтады. 

Бағдарламаны іске асыру құқығын алу үшін колледж  барлық негізгі бағыттар бойынша дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті. Мұнда кадрлық әлеует, материалдық-техникалық база және нормативтік құжаттама қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес келеді. 

– Студенттер үшін қосымша перспективалар ашылады. Бағдарлама шеңберінде кәсіби құзыреттіліктерді дәйекті дамытуға мүмкіндік беретін тереңдетілген практика, сондай-ақ құрылған білім беру траекториясы көзделген. Оқыту нақты өндіріс жағдайына барынша жақын болады, - деп атап өтті колледж басшысы Айгүл  Байжұманова.

Бірінші қабылдау  биылғы жылға  жоспарланған. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің түлектері түсе алады. Олар үшін 1 жыл 10 ай мерзімге қысқартылған оқыту нысаны қарастырылған.

Айта кету керек, жалпы «Ветеринария» мамандығы бойынша колледж түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейі 97% - ға жетеді. Бұл түлектердің сұранысы мен қолданыстағы дайындық жүйесінің тиімділігін көрсетеді.