Павлодарда құтқарылған жануарлардың көрмесі өтеді

Павлодарда құтқарылған жануарлардың көрмесі өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Иттер көшеден құтқарылған болуы керек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Сердца Павлодара» қоғамдық қоры «Тұқымсыздар – теңдессіздер» атты тұқымсыз иттердің көрмесін ұйымдастыруда. Көрме 17 тамыз күні сағат 14:00-де қалалық саябақта өтеді.

Іс-шараға қатысу үшін иттер көшеден құтқарылған немесе еріктілерден алынған, егілген, чиптелген және әлеуметтендірілген болуы керек, – дейді ұйымдастырушылар.

Шара бағдарламасында көшеден құтқарылған иттер көрмесі, балалар мен ересектерге арналған концерттік бағдарлама, көрермендер мен қатысушыларға сыйлықтар ұтыс ойыны және фотосессия күтіледі.

Өтетін орны: қалалық саябақтың сахнасы.

Қатысушыларды тіркеу басталды. Ол үшін +7(701)601-35-80 WhatsApp нөміріне жазу керек.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 27 сәуірінде барлық тұқымды иттердің көрмесі өткен болатын.