30 наурыз – Халықаралық қалдықсыз күн
Халықаралық қалдықсыз күн аясында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасында қалдықтарды тұрақты басқаруға көшу және қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында аталмыш министрлік қалдықтарды басқару саласын жүйелі түрде реформалауды жүргізуде.
Маңызды кезеңдердің бірі 2025 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2026-2030 жылдарға арналған барлық қалдық түрлерін басқару тұжырымдамасының бекітілуі болды. Бұл құжат сала дамуының тұтас әрі кешенді моделін қалыптастыратын алғашқы стратегиялық құжат болып табылады.
Реформаның негізгі элементі ретінде «Жасыл даму» АҚ базасында Ұлттық қалдықтарды басқару орталығын құру жоспарлануда. Жаңа орталық бүкіл жүйенің үйлестірушісі болып, ведомствоаралық өзара іс-қимылды, бірыңғай стандарттарды және ұлттық деңгейде бақылауды қамтамасыз етеді.
Қалдықтарды тұрақты басқаруға көшу және қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту бағыттағы негізгі құралдардың бірі - EcoQolday бағдарламасы. Бағдарлама тиімді қалдықтарды жинау және қайта өңдеу жүйесін қалыптастыруға, сондай-ақ ел бойынша қайта өңдеуші кәсіпорындарды қолдауға бағытталған.
Толығырақ мына сілтемеден оқи аласыздар.