30 наурызда Павлодар облысында күн салқындайды

30 наурызда Павлодар облысында  күн салқындайды

Сынап бағанасы түнде минус 3-5 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. 

Солтүстіктен жел соғады, күші 9-14,  екпіні 15-20 м/с құрайды. 

Ауа температурасы түнде минус 3-5 аяз, күндіз плюс 2-4 градус жылы болады.

30 наурызда және 31 наурызда түнде метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың сейілуіне ықпал етеді. Жалпы қала бойынша ауаның ластану деңгейі төмен болады деп күтілуде.