Павлодарда өрттің үш қабатты үйге таралуына жол берілмеді

Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында екі газ баллон сыртқа шығарылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 10.04-те жеке үйде түтін шығып жатқандығы туралы хабарлама түскен.
– Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер қазандық бөлмесіндегі тілсіз жауды сөндіруге кірісті, 12 шаршы метр алаңда ағаш қабырғалар, қаптау және көмір жанғандығы анықталды, – дейді департаментте.
Қазандық бөлмесінде орын алған өрттің үш қабатты үйге таралуына және жарылыстың болуына жол берілмеді.
Апаттық медицина орталығының қызметкерлері үй иесіне медициналық көмек көрсетті. Өрт толықтай сағат 10.35-те жойылды.