9 қарашада Павлодар облысында жаңбыр жауады

9 қарашада Павлодар облысында жаңбыр жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы +2...+7°C болады. Жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігі мен орталығында тұман түседі. Күндіз ауа температурасы +7...+12°C-қа дейін көтеріледі. Жаңбыр жауады.

Павлодарда түнде ауа температурасы +5...+7°C болады. Аспанды бұлт торлап, жаңбыр жауады. Тұман түседі. Күндіз ауа температурасы +9...+11°C болады. Аспанды бұлт торлап, жаңбыр жауады.