Аққулы ауданында «Болашақ заңгер» клуб ашылды

Аққулы ауданында «Болашақ заңгер» клуб ашылды
Фото: Ұйымдастырушылардан

Шара «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында іске асты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Аққулы ауылы мектебінің базасында аудан мектептерінің оқушыларымен өткен кездесуге полиция бөлімі мен төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері қатысты. Жиында құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік мәселелерін кешенді түрде қарастыру мәселелері талқыланды. 

Кездесу жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру жолындағы маңызды қадам болды. Іс-шара барысында болашақ заңгерлер клубтарының алғашқы отырысы өткізіліп, ол оқушылардың құқықтық білімін дамытуға және белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға бағытталды.

Клуб қатысушылары заңнаманың өзекті мәселелерін талқылап, өмірдегі нақты жағдайларға жақындатылған кейстік тапсырмаларды қарастырды. Мұндай формат оқушыларға теориялық білімін бекітіп қана қоймай, оларды тәжірибеде қолдануға, талдау және шешім қабылдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.

Жиынға 100-ден астам оқушы мен 50 педагог қатысты.