Ақсу ауылдық аймағында жоғалып кеткен күзетші іздестірілуде
Ер адам наурыз айынан бастап хабарсыз кеткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Lider KZ» Ақсу іздеу жүйелерінің мәліметінше, 62 жастағы Радик Фатихов 7 наурызда Қалқаман ауылындағы Серебрянская көшесіндегі үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған.
Бойы – 160-165 см, арықша келген, шашы ақ. Хаки түсті куртка, тоқылған қалпақ және қара түсті резеңке етік киген.
– Ол жұмысқа шыққан болатын. Күзетші болып жұмыс істеді, жұмыс беруші үйіне келгенде бос жұмыс орнын ұсынған. Қалқаманда бір әженің үйінде тұрған, шаруашылық жағынан көмектесетін, – дейді әпкесі Лилия Дружинина.
Оның айтуынша, зейнеткер аяғы ауыратындықтан баяу жүреді, қолында татуировкасы бар.
Қарияны Қалқаман ауылының айналасында іздестірген, бірақ іздеу шаралары нәтижесіз аяқталған.
Еріктілер зейнеткерге қатысты қандай да бір ақпарат болса, 102, 7 (747) 616 09 36 немесе 7 (771) 356 26 32 нөмірлері бойынша хабарласуды сұрайды.