Ақсуда мектеп дәретханасында темекі шеккен оқушы ұсталды
Қыз бала14 жаста, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Ақсу қаласының бір мектебінен хабарлама түскен. Учаскелік полиция қызметкері 14 жастағы оқушының мектеп дәретханасында темекі шеккенін анықтаған.
– Мектепке заңды өкіл шақырылды. Темекі өнімін тыйым салынған жерде тұтынғаны үшін ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған оқушымен осындай бұзушылықтардың алдын алу туралы әңгіме жүргізілді, – деді департаментте.
Тәртіп сақшылары егер құқық бұзушылықтың куәгері болсаңыз, 102 телефоны бойынша, «police 102» мобильді қосымшасы немесе @dp_pavlodar Instagram парақшасына ақпарат жіберуге болатынын еске салады.