Ақсуда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді
Қала тұрғындарын түсіністікпен қарауды өтінді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ақсу қаласы әкімдігінің мәліметінше, 15 шілде күні С. Дөнентаев атындағы мәдениет сарайы аумағында Ақсу қаласының терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі қалалық жедел штабы «Терроризмге қарсы 2024» терроризмге қарсы оқу-жаттығуын ұйымдастырды.
Аталмыш іс-шараны террористік сипаттағы қатерлерге жедел ден қою мақсатында штаб күштері мен құралдары өткізеді.
Осыған байланысты азаматтарды өткізілетін оқу іс-шараларына қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдардың жұмылдырылған қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға шақырады.