«Ана үміті»: Павлодарда аналар байқауы өтеді
Оған ерекше бала тәрбиелеп отырған кез келген ана қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мәлімдеуінше, өңірде «Ана үміті» атты аналарға арналған шығармашылық фестивалі өтеді.
– Павлодар қаласында ерекше фестиваль бастау алмақ. Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған аналарға арналған бұл бастама аналарды қолдауға әрі шабыт беріп, тасада жатқан таланттарын ашуға арналған, - делінген хабарламада.
Фестиваль-байқаудың өзге шаралардан ерекшелігі сол, мұнда тек мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған аналар (бір ілесіп келушімен) ғана қатыса алады. Шарада қатысушылар 4 шығармашылық бағыт бойынша бақ сынайды. Яғни, вокал, хореография, көркем сөз (поэзия), сәндік-қолданбалы өнер бойынша өз таланттарын көрсете алады.
Қатысушыларды мерекелік концерт, достық атмосфера және жаңа таныстықтар, сайыскерлерге арналған түскі ас пен сыйлықтар күтеді.
Қатысуға ниеттілер өтінімді 2026 жылдың 1 мамырына дейін kravchenko.pvl@gmail.com электронды поштасына немесе WhatsApp +7 707 494 94 62 нөміріне жіберуі қажет. Өтінімге құжаттар және ұсынылатын нөмірдің бейнежазбасы қоса берілуі тиіс.
Ал фестиваль 10 мамыр күні сағат 12:00–де Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 38 мекенжайында орналасқан Жастар бастамаларын дамыту орталығында өтеді.