Асқазанын емдетпек болған павлодарлық кардиоорталықтан бір-ақ шықты

Асқазанын емдетпек болған павлодарлық кардиоорталықтан бір-ақ шықты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Науқастың жүрегіндегі негізгі қан тамыры 99 пайызға бітеліп қалған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

45 жастағы павлодарлық тұрғын ішінің ауырғанын асқазан-ішек жолындағы мәселе деп ойлап, ауруханаға жүгінген. Алайда тексеру барысында оның жүрегінде өміріне қауіп төндіретін күрделі патология бары белгілі болды. Науқасты шұғыл түрде кардиоорталыққа жеткізіп, күрделі ота жасалған.

– Науқастың жағдайы өте ауыр болды. Егер басқа медициналық араласу жасалғанда, соңы өліммен аяқталуы мүмкін еді, – дейді Павлодар облыстық кардиохирургиялық орталығының кардиохирургі Виталий Березуцкий. –  Қажетті отаны сәтті жүргіздік. Қазір науқастың жағдайы жақсы, тіпті үйіне жіберілді.

Маманның сөзінше, адамдар жүрек ауруының белгілерін асқазан-ішек жолдарының сырқаттарымен жиі шатастырады. Соның салдарынан кардиологқа емес, басқа сала мамандарына жүгініп жатады. Алайда іштің жоғарғы бөлігіндегі ауырсыну кейде жүрек жұмысының бұзылуынан да болуы мүмкін. Сондықтан дәрігер ауырсынудың себебін өз бетінше анықтамай, уақытылы тексеруден өтуге кеңес береді. 

Павлодар облыстық кардиохирургиялық орталығында жыл басынан бері жүрекке 500-ден астам ашық операция, 1100-ден астам интервенциялық хирургиялық араласу және 1700-ден астам интервенциялық зерттеу жүргізілген

Еске сала кетейік, бұған дейін павлодарлық кардиохирургтер гипертензияның қауіпі туралы айтқан болатын.