Асайын Байханов: Абай күнінің ұлтымыз үшін мән-мағынасы орасан зор

Асайын Байханов: Абай күнінің ұлтымыз үшін мән-мағынасы орасан зор

Павлодар облысының әкімі Іnstagram әлеуметтік желісінде өңір жұртшылығын Абай күнімен құттықтады, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz

– Бүгін қазақ халқының ғана емес, тұтас түркі жұртының таудай тұлғасы, әлемдік деңгейдегі философ, ойшыл, ғұлама, ақын Абай Құнанбайұлының дүниеге келген күні. Мемлекетімізде «Абай күні» деп белгіленген мерекенің ұлтымыз үшін мән-мағынасы орасан зор, – деді Асайын Байханов.

Сондай-ақ аймақ басшысы халқымыздың болмысын өлеңмен суреттеп, сан ғасырға азық болатын ақылын қара сөзбен мирас етіп қалдырған ақынның әр туындысы - баға жетпес қазына екенін атап өтті. 

– Рухани құндылығымыздың тамыры терең жайылып, ұлттық рухымыз биіктей берсін, – деді облыс әкімі. 

Еске сала кетейік, өңірде Абай күніне орай түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Павлодар облыстық әкімдігінің алдында орналасқан ұлы ақын Абай Құнанбаевтың мүсініне гүл шоқтары қойылып, «Нұр-ана әлемі» қоғамдық бірлестігі мен екі әскери бөлімнің сарбаздары Абайдың әнін шырқады.