Асайын Байханов ардақты аналарды Аналар күнімен құттықтады

Аймақ басшысы ізгі тілегін Instargram әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kzтілшісі.
– Аялы да ардақты аналар, қымбатты ханымдар! Сіздерді Аналар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың ыстық құшағынан қасиетті ештеңе жоқ. Ең ыстық күннің нұры да, ананың шапағат мейіріміне жетпейді. Түнгі ұйқысын төрт бөліп,түнде бесік таянып,ақ сүтін беріп өсірген, күн сайын шексіз сүйіспеншілік сыйлап жүрген Аналарымызға мың алғыс, мың тағзым! — дейді аймақ басшысы.
Облыс әкімі аналардың қамқорлықтары мен ақыл-парасаттары әрбір отбасының, әрбір шаңырақтың берекесін арттырып, қоғамды мейірім мен ізгілікке бөлеп келетін асыл дүние екенін атап өтті.
Аймақ басшысы барлық аналарға зор денсаулық, амандық және бақыт тіледі.