Асайын Байханов Екібастұз қызметкеріне «Ерен еңбегі үшін» медалін табыстады
Облыс әкімі шаһарды аралағаннан кейін жедел штабтың отырысын өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Алайда Асайын Байханов отырысты бастамас бұрын «Богатырь Көмір» ЖШС қызметкері Сергей Угаркинге «Ерен еңбегі үшін» медалін табыстады. Ол Мемлекет басшысының атынан салтанатты рәсімге қатыса алмаған.
Сондай-ақ, «Средазэнергомонтаж» ЖШС слесарі Али Мамедовке павлодарлық суретші Светлана Кравченконың картинасын сыйлады. Суретте оның ТЖ кезінде жұмыс істеген кезіндегі сәті бейнеленген. Сюжет аймақ басшысының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынған.
Станциядағы 10 қазандық агрегаттың төртеуі жұмыс істеп тұр, екеуі – резервте. Қалған төртеуінде қазандықты жөндеу жұмыстары 80%-ға орындалды. Жұмыстарды қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
– Менің тапсырмам бойынша 20 тұрғын үй тексерілді. Әрбір жағдай бойынша мамандар жеке-жеке талдап, қажетті техникалық шешімдер қабылдады, – деп жазды Асайын Байханов Іnstagram парақшасында.
Бұдан кейін аймақ басшысы осы қағида бойынша қалған өтініштерді пысықтауды, сондай-ақ, ПИК жоқ 182 үйдің тұрғындарын басқару нысандарының бірін таңдау бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram