Павлодарлық кәсіпкерлерге колонияда бизнес ашу ұсынылды
ҚАЖ департаментінде дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жиынға шағын және орта бизнес кәсіпкерлері, «Еңбек-Павлодар» РМК басшылығы, прокуратура, кәсіпкерлер палатасының өкілдері, колония басшылары, облыстық мәслихаттың депутаттары, сондай-ақ Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышева шақырылды.
– Сотталғандарды еңбекпен қамту – біздің қызметтегі басым бағыттардың бірі. Егер сотталған адам жұмыс істесе, орындау парағы бойынша берешегін жабады. Біздің міндетіміз – мекеме аумағында кәсіпкерлер үшін филиалдар ашу, – деді Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы Мақсат Әшімов.
Кеңесте ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл талқыланып, ұсыныстар мен өзекті мәселелерді шешу бойынша кеңестер берілді.
Өңірдегі бес мекемеде 1600-ден астам адам жазасын өтеп жатыр.