Екібастұзда қосымша жылу магистралін мерзімінде аяқтау тапсырылды

Екібастұзда  қосымша жылу магистралін мерзімінде аяқтау тапсырылды
Фото: Валерий Бугаев

Облыс әкімі Асайын Байханов бірнеше тұрғын үйге барып, жылу параметрлерін тексерді және тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Әуезов көшесі, 79 үйінің тұрғындары бірнеше жыл бойы болмаған жаңа қызмет көрсету ұйымын таңдап, мақсатты қаражат жинап, үйішілік жылу және сумен жабдықтау, кәріз желілеріне жөндеу жүргізді. Келесі жылы шатырды жаңартуды жоспарлауда. Кеншілер көшесі, 93 үйінің тұрғындары да өздерінің мәселелерін шешуде. Қазір пәтерлері жылы, жекелеген құбырлар бойынша тұрғындар ПИК-пен бірлесіп, жүйені реттеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өтті.

Одан кейін аймақ басшысы ЖМ-7/1 қосымша жылу магистралінің құрылысын тексерді. 

–  Бүгінде аталған учаскеде монолитті блоктар, жылу камералары және басқа да монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Екінші көтергіш сорғыдан Екібастұз ЖЭО-ға дейін резервтік су құбырының құрылысы жалғасуда. 12 шақырымдық желінің 7,5 шақырымнан астамы төселді. Нысанды жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда, – деп жазды Асайын Байханов Іnstagram парақшасында. 

Облыс әкімі нысандардағы жұмыстардың қарқыны мен сапасын қамтамасыз ете отырып, мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Байханов Асаин (@asaiyn.baikhan)